Қоғам
1 мин оқу 710

Біржолғы зейнетақы жинағын алған алматылық баспаналы болды

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласының тұрғыны өзінің зейнетақы жинақтарын пайдаланып, &laquo;Баспана Хит&raquo; бағдарламасы бойынша пәтер сатып алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Баспана Хит» ипотекалық бағдарламасы шеңберінде зейнетақы жинақтарын пайдалану арқылы бірінші қарыз берілді. Алматының тұрғыны БЖЗҚ-дан түскен қаражатты алғашқы жарна ретінде пайдаланып, ипотекаға баспана алды.

«Еnpf-otbasy.kz порталында өтінім беруден бастап, кілтті алғанға дейінгі барлық жұмысқа 7 жұмыс күні кетті. Қазақстан азаматтары зейнетақы жинақтарының шекті мөлшерінен асатын қаржыны «7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламалары бойынша несиені мерзімнен бұрын өтей алатынын және бастапқы жарна ретінде жұмсай алатынын еске саламыз», делінген хабарламада.

10 ақпандағы жағдай бойынша «7-20-25» және «Баспана Хит» бағдарламалары аясында берілген кредиттердің сомасы 670 млрд теңгеден асты. 68 мың қазақстандық отбасы баспанаға ие болды.

Бөлісу:
Біржолғы зейнетақы жинағын алған алматылық баспаналы болды · Egemen Qazaqstan