Аймақтар
1 мин оқу 220
Атырауда мейрамханаға 100-ге жуық адам жиналған
<p style="text-align: justify;">Атырау қаласында карантиндік шектеу шарасының талабын бұзған 100-ге жуық адамның мейрамханаға жиналғаны анықталды.</p>

Бұл дерек Атырау қалалық полиция басқармасы мен қала әкімдігінің қызметкерлерінен құралған мониторингтік топтың рейдтік іс-шарасы кезінде белгілі болды.
«10 ақпанда сағат 16:30 шамасында «Сұлтан Холл» мейрамханасында 100-ге жуық адам жиналып, басқосу өткізген. Бұл мейрамхананың бұған дейін де карантин режимін бұзғаны анықталған еді. Аталған дерекке қатысты жинақталған құжаттар Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасына жолданды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Бөлісу:
