Кино
2 мин оқу 321

Қостанайда кинотеатрлардың жұмыс істеуіне рұқсат етілді

<p style="text-align: justify;">Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов короновируске қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысын өткізді. Жиын барысында &nbsp;полиция департаменті бастығы, Әулиекөл мен Меңдіқара аудандарының әкімдері өңірдің эпидемиялық жағдайы туралы есеп берді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Қостанайда кинотеатрлардың жұмыс істеуіне рұқсат етілді

Жиын соңында жедел штаб 15-ақпаннан бастап облыста бірқатар жеңілдіктер енгізу туралы ұйғарымға келді.

Бұл туралы аймақ басшысы әлеуметтік желідегі өзінің жеке парақшасында: «Бүгінгі отырыста мониторингтік топтардың жұмысын қарастырдық. Сондай-ақ,  келіп түскен ұсыныстарды қарап шығып, штаб 2021 жылғы 15 ақпаннан бастап келесі жеңілдіктерді енгізу туралы шешім қабылдады:

  1. Аптаның барлық күндерінде шаштараздар, сұлулық салондары, маникюр, педикюр, косметологтың жұмысына рұқсат ету;
  2. Жексенбіден басқа күндері СОО, супермаркеттер, гипермаркеттер, ауданы 2000 шаршы метрден асатын азық-түлікке жатпайтын тауарлар сататын дүкендерге сағат 10-нан 23-ке дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді;
  3. Қоғамдық тамақтану нысандары қызмет көрсету мүмкіндігінің 50%-ын пайдаланып аптаның барлық күндері сағат 7-ден 24-ке дейін жұмыс істей алады. Бірақ орындықтар саны 30-дан аспауы керек;
  4. Қалалық қоғамдық көліктер аптаның барлық күндері жұмыс істейді;
  5. Аптаның барлық күндері сағат 7-ден 22-ге дейін жабық спорттық-сауықтыру және фитнес орталықтарына қызмет көрсету мүмкіндігінің 30%-ын пайдалана отырып жұмыс істеуіне рұқсат етіледі;
  6. Мәдениет нысандарында 30 адамға дейінгі ұжымдардың дайындық жұмыстарын жүргізуіне рұқсат етіледі;
  7. Театрлардың, кинотеатрлардың жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Бірақ бұл нысандар көремен қабылдау мүмкіндігінің 20%-ын ғана пайдалана алады. Яғни, бір қойылымға 100 адам қабылдай алатын театрларға 20 адам ғана кіре алады;
  8. Фудкордтар үшін тағамды беріп жіберуге немесе жеткізіп беруге ғана рұқсат етіледі», деп жазды.
Бөлісу:
Қостанайда кинотеатрлардың жұмыс істеуіне рұқсат етілді · Egemen Qazaqstan