Қоғам
1 мин оқу 202

306 қазақстандық анықтамасыз ұшып келген

<p style="text-align: justify;">2021 жылдың 13 ақпанында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

2021 жылғы 13 ақпанында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, Кипр, РФ, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 15 халықаралық әуе рейсі келді.

2 242 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 900 адам, анықтамасыз 342 ҚР азаматы болды. 

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 792 жолаушы, анықтамамен - 1 533, анықтамасыз - 259;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 440 жолаушы, анықтамамен - 357; анықтамасыз - 83;

Өскемен қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 10 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтіп отыр.

Анықтамасыз келген барлық 306 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.

Бөлісу:
306 қазақстандық анықтамасыз ұшып келген · Egemen Qazaqstan