Спорт
1 мин оқу 152

Елордадағы жаңа жеңіл атлетикалық кешенде алғашқы ресми турнир өтті

<p style="text-align: justify;">Елордадағы жаңа жеңіл атлетикалық &laquo;Qazaqstan&raquo; кешенінде алғашқы ірі жарыс өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.</p>

Жарысқа Солтүстік Қазақстан облысы, Қарағанды облысы, Ақмола, Қостанай облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласынан 175 атлет қатысты. 

Сондай-ақ біріншілік барысында қалалық триатлон федерациясының спортшылары да бақ сынады.  Турнирде жалпы есебі 9 жекелей сын, бір командалық жарыстан жүлделер таратылды.  Атап айтар болсақ, спортшылар 60 метрге, 60 метрге кедергілер арқылы жүгіруден, сондай-ақ, 200, 400, 800, 1500 және 3000 метрге жарысудан сынға түсті.

Ядро лақтыру, аралас эстафета мен ұзындыққа секіруден де жеңімпаздар анықталды. 


Бөлісу:
Елордадағы жаңа жеңіл атлетикалық кешенде алғашқы ресми турнир өтті · Egemen Qazaqstan