Қоғам
1 мин оқу 300

«L-Капитал» компаниясының жетекшісі ұсталды

<p style="text-align: justify;">Алматы полицейлері &laquo;L-Капитал&raquo; компаниясының негізін қалаушыны ұстады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.</p>

Алматы қаласының ПД Тергеу басқармасының мәліметтері бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 1962 жылы туған азаматша ұсталды. Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

– Аталған компанияның салымшыларының ұжымдық мәлімдемелеріне сәйкес, ҚР ҚК-нің 217-бабының 3-бөлігі (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын бұрын хабарлаған едік. Ведомствоаралық тергеу-жедел тобы құрылды. Компанияның кеңселерінде санкцияланған тінтулер жүргізілді. Толықтық, объективтілік және жан-жақтылық принциптерін қатаң сақтай отырып жүргізілген тергеу әрекеттерінің кешені барысында мән-жайлар анықталып, процессуалдық шешім қабылданады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша 50 адам жәбірленуші ретінде танылған, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Абдрахманов.


Бөлісу:
«L-Капитал» компаниясының жетекшісі ұсталды · Egemen Qazaqstan