Аймақтар
1 мин оқу 274

Ақтаудағы тергеу изоляторына есірткі жеткізуге тырысты

<p style="text-align: justify;">Ақтау қаласының ГМ-172/10 мекемесі (тергеу изоляторы) қызметкері, Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің өзіндік қауіпсіздік тобымен бірлесіп, есірткі жеткізуге әрекет жасаған азаматтың жолын кесті.</p>

Ақтаудағы тергеу изоляторына есірткі жеткізуге тырысты

Келуші берген тамақ өнімдерін тексеру кезінде ГМ-172/10 мекемесінің қызметкерлері вафлиде ақ түсті 34 таблетканы, сонлай-ақ өзіндік тектес затты тапты.

«Сот-химиялық сараптама тәркіленген заттардың салмағы 9.074 грамм трамадол препараты және марихуана екенін көрсетті»,  деп түсіндірді департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта сәлемдемені берген азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Маңғыстау облысы

Бөлісу:
Ақтаудағы тергеу изоляторына есірткі жеткізуге тырысты · Egemen Qazaqstan