Аймақтар
1 мин оқу 170

Музейдегі «Максим»

<p style="text-align: justify;">Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейіндегі елді елең еткізер жәдігердің бірі &ndash; атақты &laquo;Максим&raquo; маркалы пулемет. Оқты қарша борататын қарудың бұл түрі өткен ғасырдың басындағы қанды соғыстарда кеңінен қолданылған.</p>

Музейдегі «Максим»

Ал енді, бұл екі дөңгелекті пулемет Балқашқа қалай тап болып жүр?

Аталған музейдің басшы­сы Азиза Се­йілханованың ай­туын­ша, «Максим» пулеметі өткен ға­сыр­дың 90-шы жылдары Бал­қаш­тағы түсті металдарды өндіру зауы­тының аумағынан табылып, оны зауыт жұмысшылары музейге әке­ліп тапсырған екен.

Тарихқа үңілер болсақ, Бал­­қаштағы түсті металдарды өндіру за­уыты 1941 жылы Ұлы Отан со­ғысы басталған кезде Мәскеу тү­біндегі Кольчугино қаласынан Бал­қаш жеріне эвакуацияланған еді. Яғни аталған түсті прокат зауы­тын кө­шіргенде, эшелон күзет­кен әскер­дің қолындағы қару-жа­рақтың ішінде осы «Максим» пулеметі де болған.

Қарағанды облысы,

Балқаш қаласы

Бөлісу:
Музейдегі «Максим» · Egemen Qazaqstan