Қоғам
1 мин оқу 423

Биыл Алматыда ЭКО-ға 800 квота бөлінді

<p style="text-align: justify;">Тұрғындармен өткізген есептік кездесуінде қала әкімі Б. Сағынтаев алматылықтардың WhatsApp әлеуметтік желісіне жазған &laquo;Президент квота жайлы айтқан еді. Алматыға қанша квота бөлінеді және оған кімдер жауапты?&raquo; деген сауалына да жауап берді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Биыл Алматыда ЭКО-ға 800 квота бөлінді

«Аңсаған сәби» мемлекеттік бағдарламасы ағымдағы жылдың қаңтар айынан басталды. Осы бағдарлама аясында ЭКО-ға бөлінетін квота саны 7 есеге – 7000-ға дейін ұлғайтылды.

«Алматыға 800 квота бөлінді. Оған қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жауапты. Келесі жылы 300-350 квота деп министрлік тарапынан жоспарланып отыр. Республикалық бюджеттің тарапынан келіп жатқан қаржы. Оның кімдерге берілетіні құрылып жатқан комиссия арқылы мамандармен бірге басқарманың төңірегінде шешіледі», - деді қала әкімі.

Айта кетсек, өткен жылы қалада ЭКО-ға 130 квота бөлінген болатын. Әйелді ЭКО-ға жіберу туралы шешім қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы жанынан құрылған комиссия отырысында қабылданады. Бүгінгі күні кезекте 700-ден астам әйел тұр.

Бөлісу:
Биыл Алматыда ЭКО-ға 800 квота бөлінді · Egemen Qazaqstan