Қоғам
1 мин оқу 1,280
Қызылордада үй өртеніп, 1 жасар бала қайтыс болды
<p style="text-align: justify;">Қызылорда қаласында жеке үй өртеніп, бір жастағы сәби көз жұмды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Өрт бүгін, 18 ақпанда сағат 00.50 шамасында болды. Облыс орталығындағы Кызылжарма шағын ауданы аумағында тұрғын үйде өрт шыққан.
«Өрт орнына облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 4 техникамен 16 қызметкер барды. Жалынға оранған үй ішінен әйел мен төрт қызы шығып үлгерген. Жалын 01.23-те толығымен сөндірілді. Үйден 2019 жылы дүниеге келген шарананың мәйіті табылды. Өрттің шығу себебі тексеріліп жатыр», деп мәлімдеді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.
Бөлісу:
