«Өмір - өнер» шығармашылық көрмесі өтті
<p style="text-align: justify;">Көрмеде Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт институтында «Жасампаз» сурет галереясында «Өмір - өнер» шығармашылық көрмесі өтуде, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Еgemen.kz</a></p>

Көрмеде университет оқытушылары мен түлектерінің шығармашылық жұмыстары ұсынылған.
Жастар арасында бейнелеу өнерін насихаттау, студенттерге рухани-адамгершілік білім беру және олардың мәдени дамуы, сонымен қатар университетіміздің талантты оқытушылары мен түлектеріне қолдау көрсетуді мақсат ететін көрмелер университет қабырғасында жиі ұйымдастырылып тұрады. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың шетелдік студенттері мен Халықаралық ынтымақтастық департаментінің қызметкерлері де осы көрмені тамашалап, шығармашылық өкілдерінің өнердегі қадамдарына сәттілік тіледі.
