Қазақстан
1 мин оқу 430

Fly Arystan ұшағының шұғыл қону себебі айтылды

<p style="text-align: justify;">Fly Arystan әуе компаниясының Нұр-Сұлтаннан Шымкентке ұшып бара жатқан жолаушылар ұшағының Алматыға қону себебі анықталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Ресми жауапта көрсетілгендей, ұшақ қолайсыз метеоахуалдан соң бағытын өзгертуге мәжбүр болған.

«19 ақпанда Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытындағы FlyArystan әуе компаниясының КС7325 әуе рейсі желдің қатты соғуынан бағытын бұрып, запастағы әуежайға қонуға мәжбүр болған. Ұшақ Алматыға 8.11-де штаттық режимде қонған. Одан кейін 10:30-да әуеге көтеріліп, 11:49-да Шымкент әуежайына қонды», деді әуе компаниясынан.

Бөлісу:
Fly Arystan ұшағының шұғыл қону себебі айтылды · Egemen Qazaqstan