Спорт
1 мин оқу 174

Балуан атындағы бұрыш

<p style="text-align: justify;">Аты аңызға айналған балуан Жақсылық Үшкемпіров бүгінгі Байзақ ауданының Дихан ауылында дүниеге келген. Шағын ауылдан шыққан спортшы осыдан қырық бір жыл бұрын Мәскеу Олимпиадасында топ жарып, қазақ атын әлемге әйгіледі.</p>

Балуан атындағы бұрыш

Өткен жылы дүниеден өткен балуанның есімі мәңгі ел есінде. Қаршадай кезінен күреске өмірін арнаған даңқ­­ты тұлғаның рухын ұлық­­тау мақсатында туған же­­рінде бірқатар жұмыс атқа­­рылуда.

Жуырда Байзақ аудандық тарихи-өлкетану музейінде Жақсылық Үшкемпіров атын­­дағы бұрыш ашылды. Мұнда келушілер балуан өмі­рінің түрлі кезеңдерімен таныса алады. «Жаңадан ашыл­ған ар­найы бұрышқа әй­гілі ба­луанның жеке заттары, фото­суреттері, кітаптары қо­­йыл­ған. Жәдігерлердің ішінде Жақсылық ағамыздың алғаш жарыстарға шыққан кезде киген ақшыл-сұр түсті кос­тюм-шалбары да бар. Спорт­шының осы және өзге де тұтынған заттарын ерек­ше қы­зығушылықпен та­ма­шалай­тын музейге келуші көпшілік жастар батыр жолын жал­ғастырғысы ке­ле­тінін айтады», дейді му­зей­дің қор сақ­таушысы Ай­дана Шот­басова.

Бүгінде балуан туған өңір­де Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт мектебі бар. Аталған кешенде сан мың­даған ұл-қыз спортпен шұ­ғыл­данып, биік ареналар­да еліміздің атын танытып жүр. Балуанның жолын жал­ғас­тырушы жастар үшін мұн­да барлық мүмкіндік қарас­ты­рылған.

Жамбыл облысы

 

Бөлісу:
Балуан атындағы бұрыш · Egemen Qazaqstan