Шығыс Қазақстанда бірқатар тасжол уақытша жабық
<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысында бірқатар тасжолда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
«Қазавтожол» ЖШС Шығыс Қазақстан облыстық филиалының мәліметіне сүйенсек, 22 ақпан күні сағат 15-10-нан бастап күннің бұзылуына, нақты айтқанда қар еріп, жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 756-906-шақырымында және «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» тасжолының 15-105 шақырымында жүк көліктері мен автобустардың қозғалысына шектеу қойылды.
Осы ретте облыстық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға алыс сапарға шықпауға, жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береді.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысында ресейлік жүргізушінің көлігі жыраға түсіп кеткені хабарланған.
