Аймақтар
1 мин оқу 594

Бір адамнан бес мылтық шықты

<p style="text-align: justify;">СҚО полицейлері &laquo;Қару&raquo; жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Қызылжар ауданының бір тұрғынынан &laquo;ИЖ&raquo; маркалы қарудың тұтас арсеналын тапты.</p>

Бір адамнан бес мылтық шықты

Мал өсірумен айналысатын 40 жастағы тұрғында тіркелген екі «ИЖ» мылтығы болған. Бұлардан басқа тіркелмеген екі аңшы мылтығы және «ИЖ-56 «Белка» атты ойық ұңғылы мылтығы болған. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 287-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Полиция қажетті сараптамаларды тағайындап, тіркелмеген мылтықтардың қылмыстарға қатыстылығын анықтауды қолға алды.

Жалпы «Қару» операциясының 3 күні ішінде 3047 қару иесі тексерілді. 143 бұзушылық, оның ішінде 116-сы сақтау ережелерін бұзу, 27-сі қаруды тіркеу немесе қайта тіркеу, оларды есепке қою тәртібін бұзу анықталды. Заңсыз сақтаудан 13 қару алынды.

Бөлісу:
Бір адамнан бес мылтық шықты · Egemen Qazaqstan