Қоғам
1 мин оқу 143

Шетелден ұшып келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды

<p style="text-align: justify;">2021 жылдың 22 ақпанында халықаралық әуерейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

2021 жылғы 22 ақпанында Қазақстан Республикасының аумағына Швейцария, Мальдив Республикасы, БАӘ, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 18 халықаралық әуе рейсі келді.

1 727 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 499 адам, анықтамасыз 228 ҚР азаматы болды.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 040 жолаушы, анықтамамен – 844, анықтамасыз – 196;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 494 жолаушы, анықтамамен – 463; анықтамасыз – 31;

Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 184 жолаушы, анықтамамен - 183; анықтамасыз – 1;
Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 9 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтіп отыр.

Анықтамасыз келген 202 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша төрт жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Оның ішінде бір жолаушы Ыстанбұл – Алматы рейсімен, үш жолаушы Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен келген.

Бөлісу:
Шетелден ұшып келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды · Egemen Qazaqstan