Екібастұзда куәгерлердің көзінше ер адамды атып кетті
<p style="text-align: justify;">Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бүгін сағат 08:00 шамасында Екібастұз қаласының Сәтбаев көшесіндегі үйдің ауласында белгісіз біреу ер адамға белгісіз қарудан оқ атқан. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
«23 ақпан күні сағат 08:00-08:10-де Екібастұздағы Сәтбаев көшесіндегі үйдің ауласында белгісіз біреу ер адамға атыс қаруынан оқ атты. Ер адам алған жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөліміне сәйкес сот алдындағы тергеу амалдары басталды. Қылмыс жасауда күдікті тұлғаны анықтауға бағытталған жедел-іздеу шаралары өткізіліп жатыр», деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.
