Қоғам
1 мин оқу 233
1 наурыздан бастап «жасыл аймақтағы» барлық мешітте жұма намазы оқылады
<p style="text-align: justify;">Бүгін Премьер-Министр орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
7 күн бойы «Жасыл аймақта» тұрған өңірлерде осы жылдың 1 наурызынан бастап жұма намазын өткізуге (30 пайызға дейін) және жерлеу рәсімін өткізуге рұқсат етілді.
Айта кетсек, жуырда ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы елордада Денсаулық сақтау министрі Алексей Цоймен, сондай-ақ Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясовпен арнайы кездесіп, коронавирус инфекциясының таралуы бойынша қауіпсіз «жасыл аймақта» орналасқан өңірлердегі мешіттерде жұма намазын оқуға рұқсат беру туралы ұсынысын жеткізген еді.
Бөлісу:
