Аймақтар
1 мин оқу 680

Семейге «Сергек» орнатылады

<p>&laquo;Сергек&raquo; бейнекамералары Өскеменде қылмыс пен жол көлік оқиғаларын едәуір төмендетті. Сондықтан да, бұл жоба Семей қаласында да жүзеге асырылмақ.&nbsp;Оған шамамен 4 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған.</p>

Семейге «Сергек» орнатылады

– «Сергек» бейнебақылау жүйесі Өскеменде тиімділігін көрсетті. Нақты мысал келтірсек, былтыр облыс орталығында осы жүйенің көмегімен 7 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 144 қылмыстық іс ашылды. Қылмыс жасау қоғамдық орындарды 34 пайызға, қала көшелерінде 35 пайызға, жол-көлік оқиғалары 36 пайызға төмендеді. Міне, осындай жағымды көрсеткіштер бар. Сондықтан бұл жобаны биыл Семейде де іске асырамыз. Семейге барлығы 1300 бейнекамера орнатылады, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов өзінің есептік кездесуінде.

Бөлісу:
Семейге «Сергек» орнатылады · Egemen Qazaqstan