Ауа райы
1 мин оқу 181

Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК Қазақстанның 7 облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

27 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман күтіледі. Күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с-ға жетеді.

Қызылорда қаласында 27 ақпанда тұман күтіледі.

27 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-ға жетеді.

Қостанай қаласында күндіз 27 ақпанда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-ға жетеді.

Күндіз 27 акпанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с-ға жетеді.

27 ақпанда Қарағандыоблысындакей жерлерінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз кей жерлерінде күші 15-20 м/с-ға жетеді. 27 ақпанда түнде кей жерлерінде 35-38 градус қатты аяз қүтіледі.

27-28 ақпанда Жамбыл облысында кей жерлерде оңтүстік-батыстан жел соғады күші 15-20 м/с-ға жетеді.

Күндіз 27 ақпанда Ақмола облысының батысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с-ға жетеді.

27 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяубұрқасын, көктайғақ күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с-ға жетеді.

Ақтөбе қаласында 27 ақпанда күндіз жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.

Бөлісу:
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды · Egemen Qazaqstan