Қоғам
2 мин оқу 693

Қарттарым аман-сау жүрші...

<p style="text-align: justify;">Еуропа елдерінде қарт&shy;тар&shy;дың өмір сүруін қада&shy;ғалау, олар үшін түрлі үйір&shy;мелер мен клубтар ашу, сол ар&shy;қылы зейнет жасындағы азамат&shy;тар&shy;дың өмір сүруге деген құлшы&shy;нысын жо&shy;ғалт&shy;&shy;пау жақсы қолға алын&shy;ған әрі кәдімгідей қада&shy;ға&shy;ла&shy;нады. Бұл үл&shy;кен&shy;дер&shy;дің ғұмыр жасының ұзақ болуына да әсер етері сөзсіз.</p>

Қарттарым аман-сау жүрші...

Осы мақсатта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нис­трлігі 2025 жылға дейінгі «Бел­сенді ұзақ өмір сүру» іс-ша­ра­лар жоспарын бекітті. Құжат Қазақстанның 2030 жылға де­йін­гі әлеуметтік даму тұжы­рым­дамасын және Nur Otan пар­тиясының сайлауалды бағ­дар­­ламасын іске асыру шең­бе­рінде әзір­лен­ген. Онда әлеу­меттік саясаттың басым бағыт­та­рының бірі – қарттардың өмір сүру сапасын жақсарту екені атап көрсетілген.

Жалпы, жоспарда 9 бағыт бойынша іске асырылуы тиіс 36 іс-шара бар: Аға буын аза­мат­тарының құқықтары мен қа­дір-қасиеттерін сақталуын қам­­тамасыз ету; Материалдық жағ­дайды жақсарту; Аға буын аза­маттарының жұмыспен қам­тылуын арттыру; Егде адамдары бар отбасыларды қолдау; Денсаулық сақтау жүйесін жетіл­ді­ру; Әлеуметтік қызмет көрсету деңгейін арттыру; Бос уақытты ұйымдастыру үшін жағдай жасау; Қоғамдық сананы жаңғырту; Төтенше жағдай кезеңінде қарт адамдарды қолдау.

Осының бәрі аға буын азамат­тардың өмір сүру сапасын, өмір ұзақ­тығын арттыруға, әлеу­мет­тік және психологиялық са­ламаттылыққа, әлеуметтік өмір­ге тартуға бағытталған. Мә­се­лен, «Бос уақытты ұйым­дас­ты­ру үшін жағдай жасау» ба­ғы­ты аясында еліміздің барлық өңі­рін­де белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарын ашу, қарт адамдар үшін мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу, қарттар күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар өткізу жоспарланған.

«Ұлттық жоспарды әзірлеу кезінде Мадридтің қартаю мәсе­ле­лері жөніндегі халықаралық іс-қимыл жоспарының ұсы­ныс­­тары ескерілді. Онда қарт адам­­дардың тек әлеуметтік қамта­масыз етілуіне ғана емес, сонымен қатар зият­кер­лік және өндірістік тәжірибе иесі, қоғам дамуы­ның белсенді қатысу­шы­лары ретінде сұранысқа ие болуы­на бағытталған шаралар қарас­ты­рылған. Бүгінгі таңда Қазақстан БҰҰ анықтаған 7 пайыздық шекті еңсеріп, халқы қартайған елдерге жатқызылды. Еліміздің 8 аймағына қартаю процесі тән» делінген ведомство хабарламасында.

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Қарттарым аман-сау жүрші... · Egemen Qazaqstan