Аймақтар
1 мин оқу 124
Аягөзде аулада тұрған көлік ұрланған
<p style="text-align: justify;">Аягөз аудандық полиция бөліміне 20 ақпанда 43 жастағы ер адам хабарласып, ауласындағы гаражда тұрған «ВАЗ» маркалы автокөлігін белгісіз біреудің ұрлап кеткендігін айтқан.</p>
Анықталғандай, жәбірленуші көліктің кілтін оталдыру тетігінде қалдырып кеткен. Ер адам материалдық шығынды 1 500 000 теңгеге бағалаған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері бұрын сотталған Тарбағатай ауылының 31 жастағы тұрғынын анықтады. Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ҚК 200-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Шығыс Қазақстан облысы
Бөлісу:
