Қоғам
1 мин оқу 383

Еліміздің екі облысындағы жолдарда көлік қозғалысы шектелді

<p style="text-align: justify;">Бүгін Қазақстанның екі облысындағы жолдарда ауа райына байланысты көлік қозғалысына уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.</p>

Бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 00:45-те ауа райына байланысты Ақтөбе облысында «Самара-Шымкент» тас жолының 526-615 шақырымында, нақтырақ айтқанда Батыс Қазақстан облысы мен Қобда ауылының аралығындағы жол бөлігінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына тыйым салынды.

Сондай-ақ «Самара-Шымкент» трассасының 265-526 шақырымында, нақтырақ айтқанда Подстепное ауылы мен Ақтөбе облысының шекарасы аралығында барлық көлік түрлеріне жүруге болмайды.

Бөлісу:
Еліміздің екі облысындағы жолдарда көлік қозғалысы шектелді · Egemen Qazaqstan