Қазақстан
1 мин оқу 160

Грузияға тұрақты әуе рейстері қайтадан ашылады

<p style="text-align: justify;">16 наурыздан бастап "Эйр Астана" әуе компаниясы Алматы &ndash; Тбилиси &ndash; Алматы бағыты бойынша аптасына 3 рейспен қайтадан ұша бастайды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Екі ел арасындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіру туралы шешім 2021 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енген Грузияның мемлекеттік шекарасынан Қазақстан азаматтарының өтуіне қойылған шектеулерді алып тастағаннан кейін қабылданды.

Рейстер А320/321 әуе кемесімен аптаның сейсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады. Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Бөлісу:
Грузияға тұрақты әуе рейстері қайтадан ашылады · Egemen Qazaqstan