Өнер
1 мин оқу 981

Атырауда қуыршақ театры жұмысын бастайды

<p style="text-align: justify;">Атырауда бұған дейін кішкентай көрерменді қуантатын қуыршақ театры болмаған еді. Енді осы олқылықтың орны толғалы тұр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Атырауда қуыршақ театры жұмысын бастайды

Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының директоры Берік Жәменовтің айтуына қарағанда, 26 наурызда балаларға сахналық қойылымдар ұсынатын жаңа өнер ұжымының таныстырылымы өтеді. Қуыршақ театрының ашылуына орай атыраулық әртістер Бекет Зинуллиннің сценарийі бойынша «Ата мектебі» ертегісін дайындап жатыр.

«Елімізде балалар драматургиясы кенжелеп қалған. Сол себептен, өзіміз сценарий жазуға тура келеді. Бұл жолы балаларға арнап ертек жазған таланты актер Бекет Зинуллиннің шығармашылығына жол ашылғалы отыр» дейді театр директоры Берік Жәменов.

Бөлісу:
Атырауда қуыршақ театры жұмысын бастайды · Egemen Qazaqstan