Елорда
1 мин оқу 154

Елордада тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті

<p style="text-align: justify;">Елорданың сол жағалауында тұрақта тұрған &laquo;Мазда&raquo; маркалы автомобиль өртенді. Бұл туралы&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.</p>

«Бүгін сағат 15:50-де Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің құрамында 5 маман мен 1 техника бар өрт сөндіру бөлімшесі Есіл ауданынына, Мәңгілік ел даңғылы 18-үйдің жанындағы шақыртуға барды. Оқиға орнына жеткен кезде көлік тұрағында тұрған «Мазда» маркалы автомобильдің өртеніп жатқаны анықталды. Өрт сағат 16:03-те сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», делінген хабарламада.

Аталған департамент қазіргі уақытта өрттің неден шыққанын анықтап жатыр.

Бөлісу:
Елордада тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті · Egemen Qazaqstan