Коронавирус
1 мин оқу 174

Шетелден анықтамасыз келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ

<p style="text-align: justify;">️Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті өткен тәулікте халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпаратты жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өткен тәулікте Қазақстанға Германия, Ұлыбритания, Корея, БАӘ, Египет, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді.

2 302 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 946 адам, анықтамасыз 356 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 519 жолаушы, анықтамамен - 1 484, анықтамасыз - 35;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 543 жолаушы, анықтамамен - 300; анықтамасыз - 243;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 1 жолаушы анықтамамен келген;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 101 жолаушы анықтамамен келген;

Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 138 жолаушы, анықтамамен - 60; анықтамасыз – 78.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Анықтамасыз келген барлық 246 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.

Бөлісу:
Шетелден анықтамасыз келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ · Egemen Qazaqstan