Әлем
1 мин оқу 460
Дубайда Рамазан айына дейін бірқатар шектеу енгізілді
<p style="text-align: justify;">Дубайда коронавирус пандемиясына байланысты 2-26 ақпан аралығында енгізілген шектеулер Рамазан айы басталғанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Аймақта енгізілген шектеулер қонақүй, дәмхана, мейрамхана, сауда орталығы және басқа қоғамдық орындардың жұмысына қатысты болып отыр. Дубай билігі ақпанда қабылданған шаралардың тиім болғанын атап өтті. Өйткені күніне COVID-19 жұқтыру жағдайы азая бастаған. Сондықтан шектеу шаралары ұзартылды.
Дубайда 12 сәуірге дейін мынадай антиковид шаралары сақталады:
- Кинозалдарды, ойын-сауық және спорт контенті бар мекемелерді қоса алғанда, жабық ғимараттар ашық болады, тек келушілер саны 50 пайыздан аспау керек;
- Қонақүйлердің ішіндегі сауда залдары, қонақүйлер, бассейндер және жеке жағажайлар қалыпты ережелерге сәйкес адам кіргізе алады, тек келушілер саны 70 пайыздан аспау керек;
- Тамақтану орындары, соның ішінде мейрамханалар мен дәмханалар сағат 01:00-де жабылады;
- Барлар мен пабтарға жұмыс істеуге тыйым салынады;
- Міндетті түрде бетперде киіп, әлеуметтік қашықтық сақтау керек.
Бөлісу:
