Қоғам
1 мин оқу 346

Семейде қаржы пирамидасының жұмысы әшкереленді

<p style="text-align: justify;">Семейде тағы бір ірі қаржы пирамидасы анықталды. Ақмолада қаржы пирамидасы арқылы қазақстандықтарды 70 миллион теңгеге алдаған алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Көкшетау қаласының полициясына 65 жастағы жергілікті тұрғын арыз жазған. Оның айтуынша, бейтаныс әйел интернет-ресурстардың көмегімен алдау арқылы 63 мың теңгесін қолды қылған. Тәртіп сақшылары ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша соталды тергеу жүргізді.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 48 жастағы көкшетаулық әйел 2020 жылы WhatsApp-та ақша пирамидасын ұйымдастыру үшін топ ашқаны анықталды. Онда Ақтау, Жаңаөзен, Нұр-Сұлтан, Павлодар және басқа қалалардан 20-ға жуық адам болған. Оларға келтірілген залалдың жалпы сомасы 70 миллион теңгеден асады. Әйел өз кінәсін мойындады», деді полиция өкілдері.

Бөлісу: