Теннис
1 мин оқу 162

Александр Бублик ұтылып қалды

Нидерландтың Роттердам қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирді өте тамаша бастаған қазақстандық теннисші Александр Бублик 1/8 финалда сүрінді.

Александр Бублик ұтылып қалды

Тұсаукесер кездесуінде жерлесіміз әлемнің жетінші ракеткасы Александр Зверевпен күш сынасқан еді. Неміс теннисішісі былтыр АҚШ-тың ашық біріншілігінің финалында ойнап, Аустралияның ашық біріншілігінде жартылай финалға дейін жетті. АТР турнирлерінде 13 мәрте топ жарды. Александр Бубликте ондай табыстың бірі де жоқ. Соған қарамастан ол әйгілі қарсыласын 7:5, 6:3 есебімен қапы қалдырды.

1/8 финалда Бубликтің жолы америкалық Томми Полмен қиысты. Алғашқы сет тай-брейкке дейін жеткенмен жерлесіміз 7:6 есебімен жеңіске жетті. Алайда одан кейінгі екі сетте 3:6, 1:6 есебімен АҚШ-тың өкіліне есе жіберіп, жарысты аяқтады.

Бөлісу:
Александр Бублик ұтылып қалды · Egemen Qazaqstan