Аймақтар
1 мин оқу 352

Атырауда түрмедегілер туысымен екі тәулікке кездесе алады

<p style="text-align: justify;">Атыраудағы УГ-157/1, УГ-157/9, УГ-157/11 мекемелерінде отырған сотталушыларға туысымен екі тәулікке кездесуге рұқсат беріліп отыр. &nbsp;</p>

Атырауда түрмедегілер туысымен екі тәулікке кездесе алады

«Қылмыстық-атқару туралы заңнамаға сәйкес, 2 тәуліктен аспайтын кездесу белгіленген тәртіппен беріледі. Кездесуден шыққан сотталғандар 14 күнге карантинге орналастырылады. Ал, кездесуге келген туысының коронавирусқа қарсы ПТР-тест анықтамасын алған уақыты 5 күннен аспауы тиіс. Бұл өзге сотталғандардың саулығы үшін қолға алынып отыр» дейді Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Манарбек Ғабдуллин.

Оның айтуынша, бұған дейін карантин кезінде сотталғандар туыстарымен таксафон және бейнебайланыс арқылы байланысып келген. Сондай-ақ, тергеуде отырғандардың қорғаушыларына кедергісіз кіріп-шығуға жағдай жасалып, білім алатын сотталғандарға онлайн-дәрістер жүргізіліпті.

Бөлісу:
Атырауда түрмедегілер туысымен екі тәулікке кездесе алады · Egemen Qazaqstan