Спорт
1 мин оқу 176

«Барыс» ұтылып қалды

<p style="text-align: justify;">Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) Гагарин кубогы жолындағы жарыстың 1/8 финалының үшінші кездесуінде &laquo;Барыс&raquo; Магнитогорскінің &laquo;Металлургінен&raquo; ұтылып қалды.</p>

«Барыс» ұтылып қалды

Нұр-Сұлтанда өткен бәсекені «Барыс» жап-жақсы бастаған еді. 15-минутта Якоб Лилья есеп ашып, айдын иелерін алға шығарды. Үзілістен кейін жағдай күрт өзгерді. 24-минутта Николай Голдобин таразы басын теңестірсе, арада үш минут өткеннен соң Егор Мартынов екінші шайбаны қақпаға енгізді – 1:2. Одан кейін таблодағы есеп өзгерген жоқ.

Қос команда арасындағы төртінші кездесу 8-наурызда Нұр-Сұлтанда өтеді. Үш бәсекенің нәтижесі бойынша 2:1 есебімен «Металлург» алға шықты.

Бөлісу: