Экология
1 мин оқу 120
Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">«Қазгидромет» РМК 9 наурыздағы Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына байланысты болжамын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Синоптиктер мәліметіне сәйкес қолайсыз метеорологиялық жағдай Қарағанды, Шымкент және Қызылорда қалаларында болады.
Ал басқа қалаларда метеоахуал бірқалыпты.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бөлісу:
