Жарнама
 
Әлем
1 мин оқу 1,800

Бал айында жүрген ерлі-зайыптылар оқыс жайттан қайтыс болды

<p style="text-align: justify;">Батыс Аустралияның солтүстігіндегі танымал туристік қалада саяхаттап жүрген ерлі-зайыпты ұшақ апатынан қайтыс болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

3 наурыз күні Мал Уоттс (Mal Watts) және Саманта Нуттолл (Samantha Nuttall) шағын ұшақпен серуендеуді жоспарлаған. Алайда ерлі-зайыпты байланысқа шықпаған соң, 4 наурызда жергілікті полиция іздеу операциясын бастады.

Іздеу операциясы басталғаннан шамамен үш сағат өткеннен кейін құтқарушылар Эксмут туристік қаласының оңтүстігінде Кейп-Рейндж ұлттық саябағының шатқалында ұшақтың құлағанын анықтайды. Уоттс пен Натоллдың денелері де табылған. Енді апаттың себептерін азаматтық авиация қауіпсіздігі басқармасы тексеріп жатыр.

1

Бөлісу:
Бал айында жүрген ерлі-зайыптылар оқыс жайттан қайтыс болды · Egemen Qazaqstan