Қоғам
1 мин оқу 733

Биыл «100 жаңа есім» жобасына қанша адам қатысты?

<p style="text-align: justify;">Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың &laquo;Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру&raquo; бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асып жатқан жобалардың қай-қайсысы да өзінің мазмұн ауқымдылығымен, идеологиялық маңыздылығымен құнды. Соның ішінде &laquo;100 жаңа есім&raquo; жобасының алар орны айрықша, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Жоба 2017 жылы басталған болатын. Сол жылы жобаға 2098 үміткер қатысуға ниет білдіріп, оның 102-сі жеңімпаздар қатарынан табылды. Қатысушыларға 1 376 396 дауыс берілген.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі – 2018» жобасына 1111 өтінім қабылданып, 29 адам жеңімпаз атанған. Барлығы 836 617 дауыс берілген.

Жобаның ІІІ маусымына 1673 адам өтінім беріп, оның 32-сі жеңіс тұғырына көтерілді. Үшінші маусымда қатысушылар 700 000 дауыс жинаған.

«100 жаңа есім»жобасы басталғалы бері 4882 өтініш түсіп, 163 адам жеңімпаз атанған. 3 жыл ішінде 2 913 014 дауыс қабылданды. Қазіргі кезде «100 жаңа есім» жобасының IV маусымына өтінім қабылданып жатыр.

Айта кетейік, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының мақсаты – тәуелсіздік жылдары Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан адамдардың тарихы мысалында бәсекеге қабілеттілік, прагматизм және білімге құштарлық идеяларын ілгерілету. Әрбір қатысушы – Тәуелсіз Қазақстанның дамуына өз үлесін қосқан бірегей тұлға.

Бөлісу:
Биыл «100 жаңа есім» жобасына қанша адам қатысты? · Egemen Qazaqstan