Ауа райы
1 мин оқу 400

Ауа райына байланысты республикалық жолдарда көлік қозғалысы шектелді

<p style="text-align: justify;">Ауа райының қолайсыздығына байланысты үш облыс аумағында республикалық жолдарда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz И</a>ндустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram парақшасына сілтеме жасап.</p>

Ауа райының қолайсыздығына байланысты келесідей республикалық маңызы бар тас жолдарда қозғалысқа шектеу енгізілді:

Ақтөбе облысында:

«Ақтөбе-Мәртөк-РФ шек.» автожолының 24-99 шақырымында, атап айтқанда, Сарыжар ауылы мен РФ шекарасы аралығындағы учаске; «Самара-Шымкент» автожолының 526-618 шақырымында, атап айтқанда, БҚО шекарасы мен Қобда ауылының аралығындағы учаске автокөліктің барлық түрі үшін жабылды.

Батыс Қазақстан облысында:

«Самара-Шымкент» автожолының 394-526 шақырымында, атап айтқанда Жымпиты ауылы мен Ақтөбе облысының шекарасы аралығындағы учаскеде көлік қозғалысы шектелді.

Солтүстік Қазақстан облысында:

«Булаево-Возвышенка-Молодогвардейское-Киров-Қиялы Рощинское» автожолының 0-228 шақырымында Булаево мен Рощинское ауылдарының аралығындағы учаске; «Рощинское-Корнеевка-Волошинка» автожолының 0-87 шақырымында, атап айтқанда, Рощинское мен Волошинка ауылдарының аралығындағы учаске; «Волошинка-Сергеевка-Тимирязево» автожолының 0-53 шақырымында, атап айтқанда, Волошинка мен Сергеевка ауылдарының аралығындағы учаске; «Тимирязево-Сарыкөл-Қостанай облысының шекарасы» автожолының 0-32 шақырымында, атап айтқанда, Тимирязево ауылы мен Қостанай облысының шекарасы аралығындағы учаскеде барлық көлік түрінің қозғалысы шектелді.

Бөлісу: