Оқиға
1 мин оқу 212

Бағып жүрген малын қолды еткен

<p style="text-align: justify;">Абай ауданында 2020 жылдың қарашасынан 2021 жылғы ақпан аралығында екі бас ірі қара мал қолды болған, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Еgemen.kz</a></p>

Бағып жүрген малын қолды еткен

Бұл туралы аудандық полиция бөліміне шаруа қожалықтарының бірінің басшысы хабарлап айтқан. Зардап шегуші залалды 450 000 теңге көлемінде бағалады.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында қылмыстық полиция қызметкерлері шаруа қожалығының 43 жастағы малшысын анықтаған. Ол жауап алу кезінде кінәсін мойындап, ұрланған малды қайтарып берді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188, 1-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тексеру жүргізіліп жатыр.

Бөлісу: