Аймақтар
1 мин оқу 240
Демалыс күндері Алматыда сауда ойын-сауық орталықтары жұмыс істемейді
<p style="text-align: justify;">Алдағы демалыс күндері Алматыда сауда ойын сауық орталықтары мен сауда үйлері жабылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысына сәйкес, демалыс күндері, яғни, сенбі және жексенбі күндері қалада спорт кешендері, спорт-сауықтыру орталықтары мен фитнес-орталықтар, сондай-ақ, сауда ойын сауық орталықтары, сауда үйлері мен сауда желілерінің қызметіне тыйым салынған.
Ашық базарларға (азық-түлік сататын және азық-түлік сатпайтын) тек жексенбіде жұмыс істеуге тыйым салынды. Супермаркеттер мен гипермаркеттердің жұмыс уақыты сағат 06:00-ден 02:00-ге дейін шектелді.
Бөлісу:
