Қоғам
1 мин оқу 355

«100 жаңа есім» жобасына өтінімдерді қабылдау мерзімі ұзартылды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазақстанның 100 жаңа есімі&raquo; жобасының IV маусымына қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі 2021 жылғы 21 наурызға дейінгі уақытты қоса алғанда бір аптаға ұзартылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Қазір Қазақстанның барлық өңірінен өтінімдер белсенді қабылдануда. Қатысуға өтінімді 100janaesim.ruh.kz сайтында беруге болады. Ұйымдастырушылар байқауға ең лайықты үміткерлерді іздеуді жалғастыруда.

Естеріңізге салсақ, жобаға қатысу үшін үміткерлерге келесідей талаптар қойылады:
- кәмелеттік жасқа толуы (18 Жас), ҚР азаматтығы;
- Қазақстанның дамуына қосқан нақты үлесі болуы шарт.

Келесі кезеңде жалпыхалықтық дауыс беріліп, қазылар алқасы мүшелері жеңімпаз болуға лайықты кандидаттарды іріктейді.

Бөлісу:
«100 жаңа есім» жобасына өтінімдерді қабылдау мерзімі ұзартылды · Egemen Qazaqstan