Аймақтар
1 мин оқу 263

Шымкент әкімі Тәжікстан елшісімен кездесті

<p style="text-align: justify;">Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Тәжікстан республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Хайрулла Ибодзодамен кездесті. Олар екі ел арасындағы экономикалық, мәдени, гуманитарлық байланысты нығайту мәселелерін талқылады.</p>

Мұрат Әйтенов кездесу барысында Тәжікстан мен Қазақстанның терең тарихы мен ұқсас дәстүрлері тығыз қарым-қатынас орнатуда аса маңыздылыққа ие екенін айтты. Мұрат Әйтенов кездесу барысында Тәжікстан мен Қазақстанның терең тарихы мен ұқсас дәстүрлері тығыз қарым-қатынас орнатуда аса маңыздылыққа ие екенін айтты. 

- Өткен жылы ТМД-ның мәдени астанасы эстафетасын Душанбе қаласына бердік. Символ ретінде 2200 кітап пен қызғалтақ, онымен қоса қала тұрғындарының да ыстық ықылас қағаздарын ұсындық. Біздің қарым-қатынастарымыз әрдайым өзара тиімді ынтымақтастық арнасында болды және саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және өзге де салаларда табысты дамып келеді. Шымкент мегаполис статусын алғалы қарқынды даму жолына бағыт алды. Агро аймақтар, логистикалар құрылып жатыр. Біздің басты мақсатымыз - қаламызды халық өміріне қолайлы және бизнес жүргізуге ыңғайлы мегаполиске айналдыру. Оған қол жеткізу үшін Орталық Азиядағы әріптестерімізбен жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделіміз, - деді шаһар басшысы. 

Өз кезегінде Хайрулло Ибодзода Шымкентте тәжік ұлттық дәмханасын, сауда орындарын салу жөнінде ұсынысын білдірді. 

Айта өтсек, 2019 жылы Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы екіжақты сауда көлемі $957 млн. АҚШ долларын құраған. Сонымен қатар, Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы автомобиль көлігімен экспорттық-импорттық тасымалдау көлемі жыл сайын өсіп, 16,9 млн тоннаға жеткен.

Кездесу соңында екі тарап тығыз қарым-қатынас орнатуға келісіп, естелік сыйлықтар ұсынды. 

Бөлісу:
Шымкент әкімі Тәжікстан елшісімен кездесті · Egemen Qazaqstan