Таным
1 мин оқу 590

Қаламгер тартқан скрипка

<p style="text-align: justify;">Қазақтың көрнекті қаламгерінің бірі &ndash; Мақсұт Неталиев. Ойлы оқырма&shy;нына жиырмаға жуық жыр кітабын ұсынған ақынның көпшілікке беймәлім бір қыры бар. Қаламгер 1952-1957 жылдары мектепте жұмыс істеп, шәкірт тәрбиелеу ісіне үлес қосқан. Сол кезде ақ қағазға өлең жолдарын өрген қаламымен бірге скрипканы жанына серік еткен екен.</p>

Қаламгер тартқан скрипка

Қазір қаламгердің скрипкасы кіндік қаны тамған Исатай ауданындағы музейде сақтаулы тұр. Музей қызметкері Әзиза Хамзинаның айтуынша, Мақ­сұт Неталиев 1956-1957 жылдары республикалық фестивальдарға қатысып, скрипкамен киелі сахнада өнерін көрсетіпті. Түр­лі марапаттарға да ие болыпты.

– Ақын табиғаттың әсемдігіне, қоршаған ортаға ойлы көзбен қарап, әдемі де әсерлі сәттерді өлеңмен өрнек­теп қана қойған жоқ. Қалам қуатымен бірге, қо­лынан тастамаған скрип­каның сазды әуенімен тың­дау­шы­сын елі­те білген ғой. Қазір сол скрип­­ка­сы аудан­дық му­­зейдің құн­­ды жә­ді­ге­рінің бі­ріне айналды, – дей­­ді Әзи­за Хам­зина.

Оның айтуын­ша, музейде ақын­­­ның бұдан өз­ге де бірнеше жә­­дігері бар. Со­­ның бірі – үне­­­мі өзі­мен бірге ала жү­­­­­ре­тін фо­то­ап­­­­параты.

Атырау облысы

Бөлісу:
Қаламгер тартқан скрипка · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар