Әлем
1 мин оқу 683
Жер шарын велосипедпен аралаған саяхатшы үйінің қасында көз жұмды
<p style="text-align: justify;">Израильдің жергілікті 7 Kanal мәлім еткендей, велосипедпен әлемді шарлаған саяхатшы Рой Садан үйінің қасында ірі жол апаты болып, екі күннен кейін қайтыс болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Қайғылы оқиға Рош-ха-Никра коммунасына кіре берісте, Саданның үйіне жақын жерде болған. 39 жастағы саяхатшы велосипедпен келе жатқанда автобус қағып кеткен. Екі күннен кейін Нагариядағы Галилея медицина орталығының дәрігерлері оның қайтыс болғанын айтты.
Рой Садан 2007-2011 жылдары 66 мың шақырым жүріп өтіп, 42 елге саяхат жасаған. 2015 жылы саяхатшы Үндістандағы тасқын салдарынан қатты жарақат алған. Сол кезде ол комада бір ай жатып, аман қалған.
Бөлісу:

