Бүгін Дүниежүзілік тұтынушылар күні
<p style="text-align: justify;">Дүниежүзілік тұтынушылар күні жыл сайын бүкіл әлемде БҰҰ қолдауымен 15 наурызда аталып өтеді. Алғаш рет бұл күн 1983 жылы тойланған еді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

1962 жылы осы күні АҚШ-тың 35-ші президенті Джон Фицджеральд Кеннеди АҚШ конгресінде тарихи сөз сөйледі. Сонда ол бірінші кезекте «тұтынушы» ұғымын анықтап, бөлінбейтін төрт құқықты атап өтті. Солардың қатарында ақпарат алу құқығы; тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздік құқығы; конкурстық негізде тауарлар мен қызметтерді таңдау құқығы туралы тілге тиек етті.
1960 жылы әлем бойынша тұтынушылардың тәуелсіз, саяси емес, коммерциялық емес бірлестігі – Тұтынушылар қауымдастықтарының халықаралық ұйымы (Consumer International, CI) құрылды. 1985 жылдан бастап Тұтынушылар кодексі тағы төрт постулаттармен толықтырылды: жәбірленушіге билік ету құқығы; тұтынушыларға білім беру құқығы; негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыру құқығы және сау қоршаған орта құқығы.
Рабиға МҰРАТ
