Саясат
3 мин оқу 452

Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқына көзқарасыңыз қандай?

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның Мемлекеттік қызмет істері агенттігі &laquo;Қоғамдық пікір&raquo; зерттеу институты мен еліміздегі Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) 2020 жылы жүргізген мемлекеттік қызметшілердің әдеп деңгейін бағалау жөніндегі әлеуметтік зерттеудің нәтижелерін ұсынды.</p>

Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқына көзқарасыңыз қандай?

Зерттеу Қазақстандағы мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы заңнамаға жаңа ережелер енгізілгеннен кейін мем­лекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау деңгейін талдауға бағытталды. Сауалнамаға барлығы 7000 респондент, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, заңды тұлғалар, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылар қатысты.

«БҰҰ Даму бағдарламасымен ынты­мақ­тастық – агенттік қызметінің маңызды құрамдас бөлігі. БҰҰДБ қолдауымен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруге байланысты көптеген жобалар жүзеге асырылды, бұл агенттіктің әлеуетін нығайтуға, Қазақстандағы мемлекеттік қызмет жүйесін дамытуға және мем­лекеттік қызметтердің сапасын жақ­сартуға оң әсер етуде. Осы сауалнама агенттікке мемлекеттік аппарат этикасын жақсарту бойынша одан әрі шаралар әзірлеуде айтарлықтай көмек көр­сетеді деп ойлаймыз. Сондай-ақ, бұл кездесу агенттік пен БҰҰДБ арасындағы мемлекеттік қызмет саласындағы ынты­мақтастықты нығайтудағы тағы бір қадам болады деп үміттенеміз», деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Стратегиялық даму және халықаралық бағдарламалар департаментінің директоры Азамат Жолманов.

«БҰҰДБ Мемлекеттік қызмет істері агент­­­тігімен ұзақ мерзімді серіктес­тікті жоғары бағалайды, оның аясында бір­қатар сәтті жобалар мен маңызды баста­малар жү­зеге асырылды. Біз мемле­кет­тік қызметтегі этика мен адал­дық қағи­даттарының орындалуына қолдау көр­сететін боламыз», деді Қазақ­стан­дағы БҰҰДБ-ның тиімді басқару департаментінің директоры Константин Сокульский зерттеу нәтижелерін таныс­ты­руға арналған іс-шарада.

Сауалнама нәтижелері бойынша рес­пон­денттердің үштен бірі (37,5 пайызы) мемлекеттік қызметшілердің жар­тысынан көбі Әдеп кодексі талаптарын сақтайды деп санайды. 34,9%-ы мем­лекеттік қызметшілердің мінез-құлық әдебіне қатысты жағдай жақсарып келеді деп санайды; 31%-ы жағдайдың әрдайым жақсы болып қалатынына сенімді.

2020 жылдың нәтижелерін 2017, 2018 жылдардағы нәтижелермен салыстырсақ, айтарлықтай өзгерістерді көруге болады, яғни мемлекеттік қызметшілерге қатысты әдепке сай емес мінез-құлқына байланысты шаралар қабылдауға мәж­бүр болған респонденттердің пайызы айтарлықтай төмендеді. Мысалы, егер 2018 жылы 34,7% респондент мемле­кеттік қызметшінің әдепке жат мінез-құл­қына қатысты шаралар қабылдауға тура келді деп жауап берсе, 2020 жылы мұн­дай респонденттер үлесі 13,4% болды.

Респонденттердің басым көпшілігі (92,8%) карантин кезінде мемлекеттік қызметшілермен әрекетке түсу барысында әдепке қатысты қандай да бір проблеманы байқамаған. Тек 10 респондент (0,4%) карантин кезінде әдепке байла­ныс­­ты бұзушылықтарды байқағанын айтты.

Сауалнамаға сәйкес, сұралған мем­лекеттік қызметшілердің 85,7%-ы Әдеп жөніндегі кеңестің және оның шешім­дерімен істерді қарау рәсімдерінің әділ­дігіне сенеді. 2017, 2018 жылдардың нәти­желерімен салыстырғанда мемлекеттік қызметшінің әдебін сақтауға жауапты органдар мен институттар рәсімдерінің әділдігіне деген сенімнің өскенін көруге болады. 2020 жылы Әдеп кодексінің маз­­мұнымен танысқан мемлекеттік қыз­метшілердің саны өсті.

Бұдан басқа, 2021 жылы агенттік алғаш рет Әдеп жөніндегі уәкілге әдеп­тілік дең­гейін айқындау үшін әрбір мем­лекеттік органның ресми сайтында сауалнама орналастыруды ұсынды, оған барлық азаматтар қатыса алады. Осы­лайша, әрбір азамат сауалнамаға қаты­суына болады.

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп деңгейінің және Әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің рейтингтері мына сілтемеде қолжетімді: https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet?lang=ru

Сауалнама БҰҰДБ мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік ап­па­ратты кәсібилендіру тетіктерін же­­тіл­­діру, мемлекеттік қызметтердің сапа­­сын қамтамасыз ету және сыбайлас жем­­қор­лықтың алдын алу» бірлескен жо­басы шеңберінде жүргізілді.

Бөлісу: