Пікір
1 мин оқу 334

Ендігі мәселе – сапалы заң дайындау

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазақстан Республикасының Президентi туралы&raquo; Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2733 Конституциялық заңының 9-бабы &ndash; Республика Президентiнiң Парламентке қатысты өкiлеттiгi деп аталады.</p>

Ендігі мәселе – сапалы заң дайындау

Сол баптың 9-1 бөлігінде «заң шығару бастамасы тәртібімен Парламент Мәжілісінің қарауына заңнамалық актілер жобаларын өзінің арнайы жолдауымен енгізеді» деп көрсетілген.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңмен белгіленген осы өкілеттігін пайдаланып отыр және ол мүмкіндігін дер кезінде қолданды. Себебі жерге қа­тысты дәл осы мәселеге қоғам реак­циясы бұрқ-сарқ қайнап, енді болма­ғанда ернеуінен асып төгілуі әбден мүмкін еді.

Ендігі мәселе – Парламент тарапынан сапалы заңның дайындалуына қатысты болмақ. Ол үшін Президент өзі айтқан, қоғам өкілдерінен құрылатын комиссия құрамын дұрыс жасақтаған жөн.

Абзал ҚҰСПАН,

заңгер

Бөлісу: