Петропавлда жоғалып кеткен адам табылды
<p style="text-align: justify;">Петропавлда жоғалып кеткен ІІ топтағы мүгедек, есту қабілеті нашар адам полицейлердің күшімен табылып, үйіне қайтарылды. Оқиға кешкі мезгілде болған. Адасқан адам қала көшелерін білмеген.</p>

Дабыл түскеннен кейін Петропавл қаласы ПБ Бірінші бөлімінің қызметкерлеріне оған қатысты бағдар таратылып, шамамен сағат 23-те оны патрульдік полиция батальонының экипажы тапты.
Полицейлер әбден қалжырап, оның үстінен тоңған оны Бірінші полиция бөліміне жеткізді. Қажетті ресімдерден кейін ер адам үйіне оралды.
«Түнгі ауысымда, яғни сағат 20.00-ден таңғы сағат 5-ке дейін Петропавлдың полицейлері 24 шақыртуға барды», дейді Петропавл қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі, полиция подполковнигі Қанат Әлімжанов.
ПЕТРОПАВЛ
