Футбол
1 мин оқу 140

Франция мен Украинаға қарсы ойнайды

<p style="text-align: justify;">Футболдан Қазақстан ұлттық құра&shy;масы 28 және 31 наурыз күндері 2022 жылы Қатарда өтетін әлем чем&shy;&shy;&shy;пио&shy;натының іріктеу кезеңін бас&shy;тайды. Аяқдоп шеберлеріміз алғаш елордадағы &laquo;Астана Арена&raquo; стадио&shy;нында қазіргі әлем чемпиондары &ndash; Франция құрамасын қабылдаса, кейіннен Украинаға сапар шегеді.</p>

Франция мен Украинаға қарсы ойнайды

Бас бапкер Талғат Байсуфинов наурыз айын­да өтетін ойындарға мына футболшыларды шақырды: Қақпашылар: Александр Мокин («Тобыл»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Стас Покатилов («Қайрат»), Мұхаммеджан Сейсен («Тараз»); Қорғаушылар: Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Абзал Бейсебеков («Астана), Нұралы Әліп («Қайрат»), Ян Вороговский («Беерсхот», Бельгия), Дмитрий Шомко («Ротор», Ресей), Руслан Валиуллин, Сергей Малый, Александр Марочкин (барлығы – «Тобыл»), Олжас Керімжанов («Тұран»), Темірлан Ерланов, Тимур Досмағамбетов (екеуі де – «Ордабасы»), Тимур Рудосельский («Лори Ванадзор», Армения);

Жартылай қорғаушылар: Бақтиер Зайнут­динов (ЦСКА, Ресей), Еркебұлан Тұңғышбаев, Елхан Астанов (екеуі де – «Ордабасы»), Айбол Әбікен, Данияр Үсенов (екеуі де – «Қайрат»), Асхат Тағыберген, Азат Нұрғалиев, Серікжан Мужиков (барлығы – «Тобыл»), Владислав Васильев («Энергетик-БГУ», Беларусь), Рама­зан Оразов («Чайка», Ресей), Максим Федин, Максим Самородов (екеуі де – «Ақ­төбе»); Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Крылья Советов», Ресей), Рамазан Кәрімов («Каспий»).

Бөлісу:
Франция мен Украинаға қарсы ойнайды · Egemen Qazaqstan