Аймақтар
1 мин оқу 190

Павлодарда есірткі сатушылардың басшысы 18 жылға сотталды

<p style="text-align: justify;">Есірткі заттарын заңсыз жеткізу Жамбыл облысының Шу ауданынан және аталған облыс тұрғынының ұйымдасқан топ мүшесінің қатысуымен жүзеге асырылған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

– 2019 жылғы қарашада Павлодар облысының полиция департаменті арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Павлодар қаласының аумағында есірткі құралдарын заңсыз өткізумен ұзақ уақыт бойы айналысқан облыс орталығының тұрғыны бастаған ұйымдасқан топтың қылмыстық әрекетінің жолын кесті, – деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

Қылмыстық топтың құрамына оның екі ұлы, бірге тұратын әйелі, ұлдарының бірінің әйелі, сондай-ақ Павлодар қаласының есірткіге тәуелді адамдары тартылды. 

Қылмыстық топ басшысы мен оның ұлдарының тұрғылықты жері бойынша ауқымды тергеу және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында аса ірі мөлшерде «гашиш», «героин», сондай-ақ 200 келіден астам «марихуана» есірткі, сондай-ақ атыс қаруы тәркіленді.

Мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен қылмыстық топтың қатысушыларына қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.   

– 2020 жылдың 30 желтоқсанында Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі 18 жылға бас бостандығынан айырылды, қалған 7 қатысушы, оның ішінде асырауында 3 кәмелетке толмаған баласы бар әйел 16 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп атап өтті Рашад Өтеуов.

2021 жылғы 12 наурызда Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы үкім өзгеріссіз қалды.

Бөлісу:
Павлодарда есірткі сатушылардың басшысы 18 жылға сотталды · Egemen Qazaqstan