Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімі тағайындалды
<p style="text-align: justify;">Сарысу ауданының әкімі болып Марат Сұлтанғалиев тағайындалды, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аудан активінің жиынына онлайн режимінде қатысып, жаңа басшыны таныстырды.
«Сарысу ауданының мүмкіндігі мол. Ең бастысы, халықтың әл-ауқатын жақсарту, экономикасын дамытуға күш салу керек. Бұл ретте инвесторлармен жұмысты үдету маңызды. Марат Қырғызәліұлының алдына қойылған мақсаттардың бірі осы. Сондай-ақ ауданға көгілдір отын жеткізуді жеделдету қажет», деп атап өтті аймақ басшысы.
Айта кетейік, Марат Сұлтанғалиев 2018 жылдың мамырынан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы лауазымында қызмет атқарып келді.
