Қазақстан
1 мин оқу 920

Қазақша жыл қайыру есебі

<p style="text-align: justify;">Өткен тарихымызды біліп, болған оқиғалардың уақыт нақтылап, көне қолжазбаларды зерттеумен айналысатын адамдар үшін <strong>&laquo;Хижра</strong>&raquo; жыл есебін,&nbsp; біз қолданатын &laquo;<strong>Григориан&raquo;</strong> жыл есебіне айналдыру тәсілін білуі өте қажет.</p>

Қазақша жыл қайыру есебі

Мысалы, Әбу Райхан Беруни хижраның 363 жылы туған. Осыны бүгінгі жыл санауға айналдырайық, Ол үшін хижра жылын 33-ке (бұл екі жыл есебінің айырмасы) бөлу керек. Содан шыққан санды хижра жылынан алып таста да, жаңа санға 622 санын (хижра жылы) қос.

Нәтижесі:

                                       а)  362: 33 = 11,      

                                       б)  362 – 11 = 351,    

                                       в)  351 + 622 = 973 жыл.

Әбу Райхан біздің жыл санауымыз бойынша 973 жылы туған екен.

Ж = X – (X : 33) + 622

 

Енді «Григориан» жыл есебін «Хижраға» айналдырып көрейік:

Мысалы, сіз 1965 жылы туғансыз. Ол үшін:

а) 1965 – 622  = 1343

                                            б) 1343 : 33  = 42

                        в) 1343 + 42 =  1385 хижра жылы

Ескерту: санды 33-ке бөлгенде нәтиже қалдықпен шықса, қалдық 17 санынан көп болса, нәтиже бүтін санға айналдырылады. Қалдық 16 санынан аз болса тек бүтін бөлігі алынады.

Бөлісу:
Қазақша жыл қайыру есебі · Egemen Qazaqstan